Райли Уолш – хоккейші (биография, мансабы, өмірбаяны, жетістіктері)

Райли Уолш – хоккейші (биография, мансабы, өмірбаяны, жетістіктері)

фото: OntarioReign

«Барыс» хоккей клубы 2025/26 маусымына америкалық қорғаушы Райли Уолшпен келісімшартқа қол қойды. Жаңа келісім 2026 жылдың 31 мамырына дейін жарамды.

Уолш – 2017 жылы «Нью-Джерси Девилз» клубы драфтқа таңдаған ойыншы. Өз карьерасын түгелдей Солтүстік Америкада өткізген хоккейші соңғы маусымды AHL-дің «Онтарио Рейн» құрамында өткізді. Ол 72 ойында 32 (6 гол + 26 пас) ұпай жинап, команданың негізгі ойыншыларының бірі болды. Жалпы AHL-да 317 матчқа қатысып, 168 (42+126) ұпай иеленген.

Ойыншы жайлы қысқаша ақпарат:

  • Туған жылы: 21 сәуір 1999 жыл
  • Амплуасы: қорғаушы
  • Бойы: 183 см
  • Салмағы: 84 кг
  • Қай қолмен ойнайды: оң қолмен