фото: Robbie Jay Barratt - AMA/Getty Images
Британдық FourFourTwo.com басылымының тілшілері Алматыда өткен "Қайрат" пен Люблянаның "Олимпиясы" арасындағы Чемпиондар лигасы іріктеу матчын тамашалап, Қазақстан мен көршілес Өзбекстан футболының даму деңгейін салыстырды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Қазақстан – Орталық Азиядағы ең үлкен мемлекет әрі әлем бойынша көлемі жөнінен тоғызыншы ел. Алайда 20 миллион халқы бар Қазақстанның тұрғындары саны Өзбекстаннан екі есе аз. Өзбекстан көршілерінің УЕФА-ға өткеніне дейін-ақ аймақтағы басты футбол державасы саналып келген. Биыл жазда олар 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды. Орталық Азия бұл додаға бұрын-соңды қатыспаған. Дегенмен біз Алматыдағы Орталық стадионға келген сәттен-ақ аймақта бокс сияқты жекпе-жек спорттары кең таралғанына қарамастан, футболға деген құштарлықтың кем түспейтінін байқадық", – делінген мақалада.