фото: Andrew Harnik/Getty Images
АҚШ президенті Дональд Трамп өз денсаулығы жайлы айтып, бұрынғыдан да жақсы сезінетінін мәлімдеді.
Бұл туралы ол жексенбі, 31 тамыз күні Truth Social желісінде жазды.
"Өмірімде мұндай сау болған емеспін", – деді Трамп.
Бұған дейін мемлекет басшысы америкалық футболдың бұрынғы жаттықтырушысы Джон Груденмен бірге түскен суретін жариялап, «Гольф ойнадық. Өте жақсы адам, мінезді!» деп жазған болатын.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде «Трамп қайтыс болды» деген қауесет тарап, #TrumpIsDead хэштегі X (Twitter) платформасында ондаған мың жазба жинаған еді. Бұл хабарламалар ресми расталмай, кейін Ақ үй жалған ақпарат екенін мәлімдеді. Шенеуніктердің сөзінше, президенттің денсаулығы жақсы, ол бос уақытында гольфпен айналысқан.