Қазаққа танымал актриса ауыр дерттен 38 жасында көз жұмды (ФОТО)

Қазаққа танымал актриса ауыр дерттен 38 жасында көз жұмды (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

Болливуд актрисасы Прия Маратхе 38 жасында өмірден өтті.

Ол екі жыл бойы онкологиялық дертпен күрескен. Прияға ота жасалып, біршама уақыт өзін жақсы сезініп, тіпті сериал түсіріліміне қайта оралған. Алайда ауруы асқынып, бірнеше емдеу курсына қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

"Желі қолданушылары Прия Маратхенің қазасына қайғыруда. Ол жексенбі, 31 тамыз күні қатерлі ісікпен ұзақ күрестен кейін көз жұмды", – делінген хабарламада.

Прия Маратхе 1987 жылы 23 сәуірде Тане қаласында дүниеге келген. Ол "Мен тек сенің әніңді айтамын" телехикаясындағы Моника Камат рөлі арқылы танымал болды. Сонымен қатар "Қасиетті узы", "Бұл бақыт па әлде жоқ па", "Маған бұл қатты ұнайды", "Енді көңіл көтерейік", "Біз өмір сүруді үйрендік" және "Жеңіс" жобаларына қатысқан.