"Күйеуім қырсық": Мереке Қалбаева өзінен 6 жас кіші күйеуінің минусын айтты

"Күйеуім қырсық": Мереке Қалбаева өзінен 6 жас кіші күйеуінің минусын айтты

фото: Фото ашық дереккөзден

Танымал әзілкеш, актриса Мереке Қалбаева күйеуі Әрсен Акиевпен арадағы қарым-қатынас пен отбасылық өмір туралы шынайы пікірін бөлісті. «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасында жұлдызды жұп бір-бірінің кемшіліктері мен ерекшеліктері жайында алғаш рет ашық айтты.

«Күйеуім өте қырсық»

Бағдарлама барысында Мереке Қалбаева күйеуінің жалғыз кемшілігі бар екенін, бірақ оның өзіне ерекше әсер ететінін жасырмады.

«Өте қырсық адам. Болды, басқа ешнәрсесі жоқ. Толығымен плюстағы адам ғой. Ал менде жетеді. Бір ғана жасыл, қалғаны қызыл болатын шығар», – деп күлді актриса.

Бұл әзіл аралас шындық көрермендер арасында да қызығушылық тудырды. Мерекенің айтуынша, өзі кемшіліктерге толы болса да, жарының жақсы қасиеттері отбасын ұйытып отыр.

«Әйелімнің кемшіліктерін көрмеймін»

Күйеуі Әрсен Акиев отбасында мін іздеуден бұрын, кемшілікті жақсы қасиетке айналдыру маңызды екенін атап өтті.

«Мен әйелімнің кемшіліктерін байқамаймын. Үйде кемшілікке қарап отырудан бұрын, жақсы жағын көру керек. Кейде кемшілік те адамның сүйкімін арттырады», – дейді әзілкеш.