Сүйінші! Керемет бастама! Енді зейнетақы мөлшері өсетін болды

Сүйінші! Керемет бастама! Енді зейнетақы мөлшері өсетін болды

фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржы министрлігі 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырды.

Құжатта көрсетілгендей, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты және еңбек өтіліне сәйкес тағайындалатын зейнетақы төлемдері 10 пайызға арттырылады.

Сонымен қатар, сол күннен бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына мемлекет төлейтін жарналардың көлемі есептік объектінің 2 пайызы деңгейінде бекітілмек.

Бұған қоса, 2026 жылдан бастап әскери қызметшілерге (мерзімді әскери қызметтегілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне тұрғын үйді күтіп-ұстау мен коммуналдық қызметтер үшін ай сайын 3 739 теңге көлемінде өтемақы төленеді.

Admin
Admin
Автор