Жертөледе тұрып жатқан Олимпиада жүлдегері жаңа жұмысқа орналасты

Жертөледе тұрып жатқан Олимпиада жүлдегері жаңа жұмысқа орналасты

фото: olympic.kz. Суретте: Болат Жұмаділов

Олимпиада ойындарының екі мәрте күміс жүлдегері, әлем чемпионы Болат Жұмаділов бұдан былай шәкірттерін жертөледе емес, заманауи спорт кешенінде дайындайды, деп Sportinside.kz тілшісі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі кәсіпкер әрі спорт жанашыры Махат Төрәлі даңқты боксшыға қолдау көрсетіп, оған тұрақты жұмыс ұсынды. «Спорт министрі» Telegram-арнасының хабарлауынша, енді Жұмаділов елордадағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде бапкер болып еңбек етеді.

Жаңа қызметі аясында ол 800 шаршы метр аумақта орналасқан бокс залында болашақ чемпиондарды тәрбиелеп, жоғары деңгейде еңбекақы алмақ.

Айта кетсек, жуырда ғана Жұмаділов шәкірттерін өзі тұратын үйдің жертөлесінде жаттықтыруға мәжбүр болғанын айтқан еді. Ол техникалық бөлмені шағын залға айналдырып, балаларды да, ересектерді де боксқа баулып келген. Алайда орынның тарлығы мен ескі құрал-жабдықтар жаттығу процесін қиындатқан.