фото: ашық дереккөзден
Танымал әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев жұбайын туған күнімен ерекше құттықтап, жазба жариялады.
Өнер иесі жұбайы Динара Майғазиеваны Instagram желісі арқылы құттықтап, ыстық лебізін білдірді.
"Бір Аллаға шексіз шүкірлер мен сансыз мақтаулар болсын! Бүгін менің жүрегімнің ішіндегі жүрегім 24 жасқа ой, 48 жасқа толды, Аллаға шүкір!
Менсіз сен де көңілсізсің, білемін,
Мен дегенім – сен тудырған жыр едің.
Сен аман бол,
Сен аман бол,
Аман бол,
Жүрегімнің ішіндегі жүрегім!
Салихалы, саналы, иманды, білімді ұрпақтарымыздың жақсылықтарын ғана көруді, солардың бағына бірге әдемі қартаюды жазсын жаратқан. Екі дүниенің жақсылығын берсін. Маңдайыңыздан сүйдім", – деп жазды Сәкен Майғазиев.