фото: Фото: x.com/BenTheBaneDavis
АҚШ-тың әйгілі ММА жауынгері Тони Фергюсон Манчестерде (Англия) өткен MF & DAZN X Series 22 бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
41 жастағы ардагер спортшы 31 жастағы филиппиндік Натаниэль Бустаманте (MF-де 4-3) қарсы шаршы алаңға шықты. Жекпе-жек 77 келіге дейінгі салмақта өтіп, бес раундқа жоспарланған еді.
Фергюсон үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Бұл Фергюсонның 2019 жылдан бергі алғашқы жеңісі болды. Сол жылы ол UFC 238 турнирінде америкалық Дональд Серронені ұтқан еді. Кейіннен спортшы қатарынан 6 жеңіліске ұшырап, Джастин Гэтжи, Чарльз Оливейра, Бенеил Дариуш, Майкл Чендлер, Нейт Диаз, Кинг Грин, Пэдди Пимблетт және Майкл Кьеза сынды қарсыластарына есе жіберген.