"Үшінші дүниежүзілік соғыс басталып кетті": сарапшылар бұл сұрапылды ескертіп, дабыл қағуда

"Үшінші дүниежүзілік соғыс басталып кетті": сарапшылар бұл сұрапылды ескертіп, дабыл қағуда

фото: Фото ашық дереккөзден

Израильдің Иранға жасаған авиациялық соққылары – соңғы онжылдықтағы ең күрделі халықаралық шиеленістердің біріне айналуы мүмкін. Түркиялық саясаттанушы Сердар Токдемир бұл оқиғаны «Үшінші дүниежүзілік соғыстың бастауы» деп бағалады.

«Бұл тек Иранға қарсы шабуыл емес. Бұл – бүкіл Таяу Шығысқа, оның мәдениетіне және болашағына бағытталған агрессия», – деп жазды ол X (бұрынғы Twitter) желісінде.

Сарапшы Токдемирдің айтуынша, енді прокси соғыстар мен нақты әскери операциялар арасындағы шекара жойылды. Бұл — өркениеттік сипаттағы соғыс. Оның пайымынша, Түркия бейтарап ұстанымнан бас тартып, белсенді аймақтық ойыншы рөлін қабылдауы тиіс.

«Түркия тек транзиттік жол емес. Ол аймақтық тепе-теңдікті сақтай алатын күшке ие», – дейді ол.

Иранның БҰҰ-дағы өкілі Амир Саид Иравани Израильдің әрекетін «мемлекеттік терроризм» деп бағалады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөйлеген сөзінде ол шабуыл салдарынан 78 адамның қаза тауып, 320 адамның жараланғанын айтты.