2,5 млрд теңгеге салынған стадионда үлкен мәселелер пайда болды

2,5 млрд теңгеге салынған стадионда үлкен мәселелер пайда болды

фото: pkzsk.info

Петропавл қаласында "Қарасай" стадионының екінші кезеңдегі қайта жөндеу жұмыстары аяқталып, нысан енді Еуропа кубогы матчтарын қабылдай алатын деңгейге жетті, деп Sportinside.kz тілшісі Petropavlovsk.news-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Петропавлда әмбебап арена, керлингке арналған корттары бар коньки тебу кешені және 5 мың көрерменге арналған академиясы бар жабық футбол аренасы пайда болады.
Әсіресе "Қарасай" стадионына ерекше көңіл бөлінді. Қайта жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталып, нысан енді УЕФА стандартына сай келіп, Еурокубок ойындарын өткізе алады", – деп жазды басылым.

Алайда бұған дейін желіде жергілікті "Қызылжардың" алаңы қатты жауыннан кейінгі жағдайын көрсеткен суреттер желіде тарады. Қайта жөндеуге 2,5 миллиард теңге бөлінген стадион нөсер жаңбырды көтере алмады.