Қаралы хабар: Қазақ халқына танымал компанияның директоры өмірден өтті

Қаралы хабар: Қазақ халқына танымал компанияның директоры өмірден өтті

фото: pixabay.com

«Samruk-Energy» АҚ басқарушы директоры Руслан Тұрғамбаев қайтыс болды. Ол компанияда өндірістік-техникалық мәселелер мен инновациялық-технологиялық даму бағыттарына жетекшілік еткен.

Білімі:

  • 1998 ж. – Алматы энергетика және байланыс институты, «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы.
  • 2021 ж. – Орталық Азия инновациялық университеті, «Менеджмент және басқару» мамандығы.

Еңбек жолы:

  • 1998-2009 жж. – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС (Жезқазған ЖЭО): турбина цехының машинистінен кәсіпорын директоры қызметіне дейін көтерілді.
  • 2009-2011 жж. – «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС, өндіріс жөніндегі директордың орынбасары.
  • 2011-2013 жж. – Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы, бірінші орынбасар.
  • 2013-2019 жж. – «БазисЭлектроМонтаж» ЖШС, техникалық директор.
  • 2019-2021 жж. – Түркістан облысы Энергетика және ТКШ басқармасында басшының орынбасары, кейін басқарма басшысы.
  • 2022 ж. қаңтар-қараша – Purolite LTD (Ұлыбритания, ҚР, Орталық Азия, Әзірбайжан және Армениядағы өкілдігі), негізгі клиенттермен жұмыс жөніндегі өкіл.
  • 2022 ж. қарашадан бастап – «Samruk-Energy» АҚ Өндіріс және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.