"Мамам сияқты ұрсады": Айгүл Иманбаеваның бұрынғы күйеуі бар шындықты жайып салды (ВИДЕО)

"Мамам сияқты ұрсады": Айгүл Иманбаеваның бұрынғы күйеуі бар шындықты жайып салды (ВИДЕО)

фото: Stan.kz коллажы

Танымал әнші Айгүл Иманбаева мен актер Сәбит Әбдіхалықов жуырда ұлы Асылжаннан тараған тұңғыш немересі Айсұлудың тұсаукесерін дүркіретіп өткізді.

Салтанатты кеш барысында Сәбит Әбдіхалықов сөз сөйлеп, бұрынғы жары Айгүл Иманбаеваға қатысты әзіл айтты.

"Айгүлді мама деймін. Бұл маған мамам сияқты ұрсады ғой. Тойда дұрыс сөйле, дұрыс жүр, бірдеңені бүлдірме дейді", – деп күлдірді ол.

Ал асаба қойған "Америкадағы кім болады сізге?" деген сұраққа Сәбит Әбдіхалықов: "Папам ғой ол", – деп жауап қатты.