фото: ашық дереккөзден
Танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева, желіде Джузефина атымен танылған, жас жігіттер туралы айтқан сөзімен қызу талқыға түсті, деп жазады ozgeris.info.
Ол тікелей эфир барысында:
"Маған 2005-2008 жылғы жігіттер жиі жазып, "мен пәкпін, Джузи, саған өзімді сыйлағым келеді" дейді. Бірақ маған ондай қажет емес. Маған жасы үлкендер ұнайды – олардың зейнетақысы бар, өмірлік тәжірибесі мол, қайда басу керегін біледі. Әрі ерте ұйықтап қалады. Сондықтан жас жігіттермен сөйлеспеймін", – деп күлді.
Алайда кейін Джузефина сөздерінің көбі қалжың екенін айтып, өзі шын мәнінде "Альфа" тобындағы бір жігітті ұнататынын жасырмады.
Желі қолданушылары блогердің сөзіне сын айтып, жеке өміріне қатысты пікір білдірді.
"Тәрбиесіз қыз", "Жиіркенішті сөйлейді", "Әке-шешесі ұялып отырған шығар", "Теңіңді тауып, дұрыс өмір сүр", – деген сынды пікірлер қалдырылды.
Кейбіреулер керісінше, оның әзіліне түсіністікпен қарап, "әркімнің өз таңдауы бар" деп қорғады.