Әлеуметтік желіде танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айару Бақытбекқызына қатысты күтпеген әңгімелер тарады. Желі қолданушылары оны әлемге әйгілі әнші Димашпен “қосып” жүр, деп хабарлайды Democrat.kz.
Айару өзінің парақшасында күнделікті өмірінен және хоббиларына қатысты суреттерін ғана жариялағанымен, жұртшылықтың “өсек-әңгімесінің” нысанасына айналды.
Соңғы уақытта оқырмандар арасында “Айару мен Димаш тамаша жұп болар еді” деген пікір жиілеп, қызу талқылауға ұласқан.
Кейбіреулер “Димаш бұл қызды не істейді?” десе, енді бірі “Екеуі жарасымды жұп болар еді” деген пікір қалдыруда. Осы пікірталастың ішінде “Димаш пен Айару шынымен кездесіп жүр ме?”, “Қашаннан бері жүріп жүр?” деген сұрақтар да пайда болып, бір ғана пікірдің тез арада өсекке айналғанын айқын көрсетіп отыр.