Ресми: Ислам Махачев UFC-дің чемпионымен жекпе-жек өткізеді

Ресми: Ислам Махачев UFC-дің чемпионымен жекпе-жек өткізеді

фото: Chris Unger/Zuffa LLC. Суретте: Ислам Махачев

UFC ұйымы жартылай орта салмақтағы чемпиондық айқасты ресми түрде хабарлады. Бұл жекпе-жекте Аустралия өкілі, қазіргі чемпион Джек Делла Маддалена мен Ресей спортшысы Ислам Махачев күш сынасады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Аталған кездесу 15 қарашада Нью-Йорктегі "Мэдисон Сквер Гарден" аренасында өтетін UFC 322 турнирінің басты айқасы болмақ. Бұған дейін жеңіл салмақта чемпион атанған Ислам Махачев бұл жолы бір саты жоғары көтеріліп, UFC-де екі салмақ дәрежесін бағындыруды көздеп отыр.

Сонымен қатар осы турнирде жартылай орта салмақта тағы бір маңызды жекпе-жек өтеді: бұрынғы чемпион, Ұлыбританиялық Леон Эдвардс (рейтингтегі 4-орын) бразилиялық Карлос Пратеспен (9-орын) кездеседі.

Айта кетейік, UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде қазақ жауынгері Шавкат Рахмонов 3-орында тұр.