фото: Rob Casey/SNS Group via Getty Images. Суретте: "Қайрат" футбол клубы
Алматылық "Қайраттың" УЕФА Чемпиондар лигасының 2025/26 маусымындағы жалпы кезеңдегі қарсыластары анықталды. Олардың қатарында мадридтік "Реал" да бар, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Еурокубоктың негізгі кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі Монакода өтті. Жалпы кезеңге 36 клуб қатысты. "Қайрат" төрт іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, жеребеде төртінші себетке түсті.
Жеребе қорытындысы бойынша алматылық клубтың барлық сегіз қарсыласы белгілі болды:
- "Қайрат" – "Реал" (Мадрид, Испания);
- "Интер" (Милан, Италия) – "Қайрат";
- "Қайрат" – "Брюгге" (Бельгия);
- "Арсенал" (Лондон, Англия) – "Қайрат";
- "Қайрат" – "Олимпиакос" (Пирей, Греция);
- "Спортинг" (Лиссабон, Португалия) – "Қайрат";
- "Қайрат" – "Пафос" (Кипр);
- "Копенгаген" (Дания) – "Қайрат".
Жалпы кезең 16 қыркүйекте басталып, 28 қаңтарға дейін жалғасады. Нәтижесінде үздік сегіз команда тікелей 1/8 финалға жолдама алады, ал 9-24-орын иеленген клубтар плей-оффтың қосымша кезеңінде бақ сынайды.
"Қайраттың" негізгі кезеңдегі ойындарының күнтізбесі 30 тамызда жарияланады.