Қазақ баласы әлем чемпионатында тарих жасап, чемпион атанды

Қазақ баласы әлем чемпионатында тарих жасап, чемпион атанды

фото: ijf.org. Суретте: Ернұр Батырғали

Қазақстан дзюдо командасы Софиядағы (Болгария) кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтынды Ернұр Батырғали салды.

Дзюдошы 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанып, финалда Тәжікстан өкілі Лоик Кудбудиновты жеңді.

Айта кетейік, бұдан бұрын әлем чемпионатында 50 кг салмақ дәрежесінде Арман Мыса үшінші орынға ие болған еді.