фото: ozgeris.info.
Белгілі блогер Ырысбала Икрамбай өзіне тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп жазады ozgeris.info.
Ол әлеуметтік желіде Туризм және спорт министрлігінен ресми хат алғанын көрсеткен.
"Таңертең оянсам, министрліктен хат келіпті. Күйеуімнің туған күнінде "тосынсый" болды. Онда "істеп жүрген іс-әрекетіне түсініктеме берсін" деп жазылған. Бұл – өздері бола алмай, бардың жетістігін көре алмайтындардың әрекеті. Өткен жылы да осындай тексеріс болды. Сол кезде Астанаға арнайы барып, барлық құжаттарымды көрсеттім, жұмыстарымның заңды екенін дәлелдедім. Қорғаушысыз, адвокатсыз сотқа қатысып шықтым. Не істеп жүргеніме әрқашан жауап беруге дайынмын. Сендер секілді өсекке ермеймін. Қайда жазсаңдар да, халықтың арқасында табысым артады. Әлі ұшақ та сатып аламын", – деп жазды Ырысбала.