Арманым орындалды! Сүйінші! Қарақат Әбілдина асыға күткен қуанышын бөлісті

Арманым орындалды! Сүйінші! Қарақат Әбілдина асыға күткен қуанышын бөлісті

фото: ашық дереккөзден

Белгілі әнші, халықтың сүйіктісі Қарақат Әбілдина өзінің жаңа еңбегін – «Қарақат салған қанатты ән» атты кітабын жарыққа шығарып, оқырманға ұсынды.

Әншінің айтуынша, бұл жинақ – жетіген аспабына арналған алғашқы еңбек. Кітапта Қарақат Әбілдинаның көне аспаппен орындаған 32 әнінің мәтіні, нотасы және QR-код арқылы тыңдауға болатын аудионұсқасы қамтылған.

"Бұл кітап – жетігенде ойнауды үйренгісі келетін жас өнерпаздар мен музыка пәнінің ұстаздарына үлкен көмек болады деп сенемін. Бұл – тек менің шығармашылығым ғана емес, қазақ руханиятына қосқан шағын үлесім деп білемін. Өнер жолында өз үнімді қалдыру – бала күнгі арманым еді. Осы кітап – сол арманның орындалған бір сәті", – деп бөлісті қуанышымен әнші.

Кітаптың тұсаукесер рәсіміне қоғам қайраткерлері, мәдениет пен өнер саласының белгілі тұлғалары және ұлттық өнер жанашырлары қатысты.