"Бұйырса": Қайрат Нұртасы қуанышты хабарын айтып, сүйінші сұрады (ВИДЕО)

"Бұйырса": Қайрат Нұртасы қуанышты хабарын айтып, сүйінші сұрады (ВИДЕО)

Әнші Қайрат Нұртас бесінші мәрте әке атануы туралы алғаш рет пікір білдірді.

Желіде жарияланған бейнежазбада ол концерт барысында ата-ананың қадірін енді тереңірек түсініп жүргенін атап өтті.

"Ата-ананың қадірін балалы болғанда білесің дейді. Қазір балаларым бар, жақында бұйырса бесінші балам дүниеге келеді. Сондықтан кейінгі кездері ата-ананың қадірін қатты біліп жүрмін", – деді Қайрат Нұртас.

Айта кетейік, өнер иесінің жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жақында бесінші сәбиін дүниеге әкелген болатын.