фото: ашық дереккөзден. Суретте: Мақпал Жүнісова
Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова әріптесі, белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының тойына қандай сый жасағанын айтты
Өнер иесі тойда шашуын көпшіліктің көзінше Сәкен Майғазиевке табыстаған.
"Бүгін өте қуанышты күн болып жатыр. Екі жастың тойына біз де куәгер болып жатырмыз. Келіндеріңіз құтты болсын! Мен келіннің сақинасы деп 1000 долларды Сәкенге бердім. Айналайын, өзің таңдап аларсың", – деді Мақпал.
Сондай-ақ халық әртісі қызы Мерейге Сәкеннің жары Динараның сыйлаған гүл шоғын көрсетіп, қуанышын бөлісті.
"Мерей екеуміз тойдан келдік. Мерейге осындай гүл шоқтарын Сәкеннің жары Динара апайы сыйлады. Бірінші рет тойға апарып тұрмын. Ылғи шақырады, Мерей ұялып бармайды. Осы жолы алып бардым. Саған жұғысты болсын деп, ырымдап алып бардым. Апаң да, әжең де, туысқандарың да – бәріміз күтіп отырмыз. Иә, асықтырмаймыз енді. Қыз деген жат жұрттық қой. Бірақ ерте ме, кеш пе, баратын жерлерің сол ғой. Осы жастар сияқты сен де бақытты болуға лайықсың, жаным. Менімен бірге барғаныңа көп-көп рақмет", – деді халық әртісі.