Қазаққа танымал Халық әртісі 74 жасына қараған шақта көз жұмды (ФОТО)

Қазаққа танымал Халық әртісі 74 жасына қараған шақта көз жұмды (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

Санкт-Петербургте опера әншісі Сергей Алексашкин дүние салды.

Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, халық әртісі Сергей Алексашкин Мариин театрында 36 жыл еңбек етті.

"Оның бейнеге ену шеберлігі мен виртуоздық түрленуі, терең дауысы, әсіресе орыс репертуарында айрықша ашылатын өнері әлемнің әр түкпіріндегі көрермендерді баурап алатын", — деп хабарлады Мариин театрының баспасөз қызметі.

Сергей Алексашкин 1952 жылдың 20 ақпанында Саратов облысында дүниеге келген. 1982 жылы Саратов консерваториясын тәмамдады. Саратов опера және балет театрында жұмыс істегеннен кейін 1983-1984 жылдары "Ла Скалада" тағылымдамадан өтті. 1989 жылдан бастап Мариин театрының солисі болды.