"Кайф боп жатырмын": Ерке Есмахан босанғаннан кейін жеңілдеп қалғанын айтты

"Кайф боп жатырмын": Ерке Есмахан босанғаннан кейін жеңілдеп қалғанын айтты

фото: SN.kz

Белгілі әнші Ерке Есмахан жақында ғана үшінші рет ана атанып, ұл бала дүниеге әкелді. Бұл қуанышты жаңалығын ол әлеуметтік желі арқылы бөлісті.

Қуаныш пен алғыс

Желідегі жазбасында Ерке Есмахан перзентін аман-есен босанғаннан кейінгі алғашқы әсерлерімен бөлісіп, өзіне құттықтау айтып жатқан көпшілікке алғысын білдірді.

«Құттықтап, ақ тілек пен батасын аямай жаудырып жатқан тума-туыс, аға-әпке, дос-әріптес, бүкіл қазақ халқына алғысым шексіз. Әр шаңыраққа Алла бақыт пен берекені үйіп-төгіп берсін. Үйлеріңіз сәбидің күлкісіне толсын», – деп жазды әнші парақшасында.

«Кайф боп жатырмын»

Әнші босанғаннан кейінгі көңіл күйін де жасыра алмады. Еркенің айтуынша, ол жеңілдеп, көңілі жайланып отыр. Бұл сәтті өмірлік жары да ерекше атап өтіпті.

«Менің жеңілдеп, кайф боп жатқанымды күйеуім суретке түсіріп мәз», – дейді Ерке Есмахан әзілмен.