Қыздардың арманына айналды: "Қайраттың" қақпашысы желі жұлдызы атанды

28 тамыз, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/f.c.kairat. Суретте: Темірлан Анарбеков

Алматының "Қайрат" клубына тарихи жеңіс сыйлаған қақпашы Темірлан Анарбеков бір күннің ішінде әлеуметтік желінің нағыз жұлдызына айналды, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Шотландиялық "Селтикке" қарсы Чемпиондар лигасының плей-офф ойынында 21 жастағы қақпашы үш пенальтиді қайтарып, командасын алғаш рет турнирдің топтық кезеңіне шығарды. Бұл жеңіс күллі Қазақстанды қуантты.

Ойыннан кейін Анарбековтың танымалдығы күрт артып, Instagram парақшасына бір тәулікте 120 мыңнан астам жаңа оқырман қосылды. Бұған дейін үш мың ғана жазылушысы болған қақпашының парақшасы қазір қарқынды өсіп келеді.

Жас спортшының жеңістен кейінгі фотосуреттері 150 мыңнан аса лүпіл жинап үлгерді. Осылайша, Темірлан Анарбеков ұлттық құрамадағы ең көп жазылушысы бар ойыншылардың қатарына қосылды.

Тэгтер:

футбол қақпашы Темірлан Анарбеков