фото: ашық дереккөзден
Ақын Оразалы Досбосыновтың ұлы әлеуметтік желідегі парақшасында әке-шешесінің естелік суреттерін бөлісіп, көпшілікті толқытты, деп хабарлайды ozgeris.info.
Ол тек фотоларды ғана емес, әкесінің артында қалған өлең шумақтарын да жариялап, сағынышын жеткізді.
"Мендегі ақтық сауалдың сүтіп сауар кім?
Қозы мен Баян қауышып жатқан мазардың.
Есігін еркем сенімен бірге қағармын,
Не дейсің, Ажарым?!Саған деген көңілім ақ, арам емеспін.
Сен бірақ та мен үшін адам емессің,
Сен – Періштесің!!!Әке болғанға мақтанба, бірінші адам бол. Әке дегізген жарыңды құрметте", – деп марқұм ақынның жазып кеткендерін ұлы бөлісті.
Желі қолданушылары да ақынға деген құрметін білдіріп, жылы пікірлерін қалдырды.
"Қазақтың жанып өткен жұлдызы еді, жаны жәннатта болсын", "Әр сөзі атқан оқтай болатын", "Мұндай ақын қайта туылмайды", – деп жазды олар.