фото: ашық дереккөзден. Суретте: Михаил Галустян
Белгілі ресейлік актер әрі әзілкеш Михаил Галустян "Қайраттың" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Threads желісінде Галустян өз оқырмандарына сұрақ қоюға мүмкіндік берген. Бір қазақ қыз:
"Біздің "Қайрат" Чемпиондар Лигасында" – деп жазды.
Актер оған: «Құттықтаймын. Жақсы жаттықтырушы керек болса – шақырыңыздар. Менің тәжірибем мол", – деп жауап берді.
2000-жылдардың ортасында танымал болған "Наша Russia" бағдарламасында Михаил Галустян "ГазМяс" футбол клубын жаттықтыратын Евгений (Геннадий) Михайлович Кишельский рөлін сомдаған. Кейін ол Омскідегі әйелдер командасы "ГазМясочка"-ны да басқарған. Галустянның кейіпкері өз командасының ойын сапасына разы болмай, ойыншылардың шеберлігінің жоқтығына байланысты үнемі айқайлап, көңілі толмайтын көріністер көрсеткен.