фото: ашық дереккөзден
Қазақстандық әнші Raim әлеуметтік желіде мотоциклдермен түсірілген видео жариялады.
Кадрларда таулы-тастақты жолдан екі мотоцикл келе жатыр. Алдыңғысында – Ерке Есмаханның алғашқы некесінен туған үлкен ұлы Мүслім. Арттағы адамның жүзі анық көрінбесе де, жанкүйерлер оның Raim екенін болжады. Соңында арттағы байкер тасқа соғылып, құлап қалады.
Видеода тек дата көрсетілген: "29.08".
Желі қолданушылары оқиғаны түрліше талқылауда. Кейбіреулері мұны Raim-ның жаңа клипінің шығу күні деп ойлады.
"Танымал Raim мотоциклден құлап, көпшілікті елеңдетті", "Райм, сіз үздіксіз, мен сізді жақсы көремін!", "Қасындағы Мүслім бе? Өз баласын тастап кеткен ерлер, бәлкім, Раймға қарап ұялар? Өйткені әке ұлын атқа мінуге, тауға шығуға, мотоцикл тебуге, шаңғы тебуге, көлік жүргізуге үйретуі тиіс. Ал Райм бұны бөтен балаға өз туғанындай үйретіп жүр. Біз Раймға бар жақсылықты тілейміз", "Құпия", – деп жазды желі қолданушылары.