фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images. Суретте: Асу Алмабаев
Қазақ жауынгері Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі қарсыласының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Ресми! Біздің командадағы UFC-дің жеңіл салмақтағы файтері Асу Алмабаев (21-3) америкалық файтер, UFC титулының экс-үміткері Алекс Переспен (25-9) кездеседі. Жақында америкалық спортшы жекпе-жекке шақырту тастаған еді – біз оны қабылдадық! Жекпе-жек 22 қарашада Дохада өтетін UFC Fight Night турнирінде ұйымдастырылады", – деп хабарлады файтердің командасы.
Айта кетейік, қазақстандық файтердің соңғы жекпе-жегі 27 шілдеде Абу-Дабиде өткен UFC on ABC 9 турнирінде өтті. Сол кездесуде ол Перуден Хосе Очоаны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.
33 жастағы Алекс Перес UFC-де 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 2020 жылы қараша айында ол үш жеңістен кейін титул үшін сынға түсті, бірақ бірінші раундта Дейвесон Фигередоға гильотинамен ұтылды.