фото: ашық дереккөзден
Ресейлік театр және кино актері Алексей Аптовцев дүниеден озды. Әртіс өзінің 50 жасқа толу мерейтойын бір аптадан кейін атап өтуі тиіс еді.
БАҚ мәліметінше, Аптовцев ұйқы безінің қатерлі ісігінен көз жұмған. Ауру осы көктемде асқынған және актердің денсаулығын айтарлықтай әлсіреткен.
Алексей Аптовцев 1975 жылғы 2 қыркүйекте дүниеге келген. Ол Щукин атындағы театр училищесін тәмамдап, 22 жыл бойы «ФЭСТ» драма және комедия театрында өнер көрсеткен. Аптовцевтің сахнадағы ең есте қаларлық спектакльдері қатарында «Чума на оба ваши дома», «Человек и джентльмен», «Убийство Гонзаго», «Прикосновение», «Золушка», «Гамлет» және тағы басқа қойылымдар бар.
Кино және телехикая көрермендері актерді «Кремль курсанттары», «Фрейд әдісі», «Склифосовский», «Господа полицейские», «Ар-намыс кодексі-6» және басқа да жобалардағы рөлдері арқылы жақсы таниды. Оның фильмографиясында 30-дан астам туынды бар.