Қаралы хабар: Қазаққа танымал Олимпиада чемпионы дүниеден өтті (ФОТО)

Қаралы хабар: Қазаққа танымал Олимпиада чемпионы дүниеден өтті (ФОТО)

фото: ашық дереккөзден

1980 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, белгілі жүзгіш Юрий Присекин өмірден өтті. Бұл туралы Ресейдің су спорттары федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Sportinside.kz.

Спортшы 63 жасында көз жұмды. Қайтыс болу себебі нақты айтылған жоқ.

Юрий Присекин – КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері. 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиадада ол КСРО құрамасы сапында 4х200 метр еркін әдіспен жүзуден эстафетада жеңіске жеткен. Кейінірек спортшы бірнеше мәрте ел біріншілігінде эстафеталық жарыстарда чемпион атанды.