фото: ашық дереккөзден. Суретте: Темірлан Анарбеков
"Қайраттың" басты қаһарманы Темірлан Анарбеков тарихи жеңістен кейін желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Қақпашы Темірлан Анарбеков әлеуметтік желіде қазақ халқына рақмет айтып, әзіл аралас жазба жариялады.
"Рақмет, Қазақстан. Ертең үйімнің алдына асфальт төсеңдер", – деп жазды Темірлан Анарбеков.
Осы бір жазбаға футбол жанкүйерлері өз пікірлерін жазып, Темірланды жеңісімен құттықтады.
"Жарайсың! Жұрттың балалары пысық болады екен!", "Үйі қай жақта екен, кімге бұйырар екен?", "Мемлекеттік наградалар туралы заңға өзгеріс енгізіп, "Үйіне асфальт төсеу керек" деген заңды қосуды ұсынамын", – деп жазды желі қолданушылары.
Еске сала кетейік, "Қайрат" алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алып, бұл кезеңде бақ сынайтын Қазақстанның екінші клубы атанды. Бұған дейін 2015/16 маусымында топтық кезеңде ел намысын "Астана" қорғаған еді.