фото: ашық дереккөзден
Жақында әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет пен келіні Әдияның үйлену тойы кең көлемде атап өтілген болатын. Әншінің жұбайы Динара Майғазиева салтанатты шараға кеткен шығын мөлшерін айтып берді.
Оның айтуынша, тойға жұмсалған қаржы кем дегенде 60-70 миллион теңгені құраған. Қонақтардың басым бөлігі – шамамен 99 пайызы сыйлықты ақшалай табыстапты.
Сонымен қатар, кейбір қонақтар алтын және гауһар жүзік сыйлаған. Ал Сәкен Майғазиевтің жақын достарының бірі жас жұбайларға көлік тарту етсе, басқа таныстары бірнеше жылқы сыйлаған. Кейбір азаматтар «той малы бізден» деп мал сойып, етін әзірлеп әкелген. Тіпті кондитерлер де өз тәттілерін жарнамасыз-ақ жеткізген.
"Тойдың шығыны кем дегенде 60-70 млнды құрайды. Той өте берекелі өтті. Жанашыр адамдардың көптігін көрдім", – деді Динара Майғазиева.