Шұғыл! Жойқын жер сілкінісі болды! Қазақстанға да жер дүмпуі сезілді

Шұғыл! Жойқын жер сілкінісі болды! Қазақстанға да жер дүмпуі сезілді

фото: adventtr/Getty Images

Каспий теңізінде, Дағыстан жағалауына жақын жерде, 5,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді.

Жерасты дүмпулері Дербент пен Махачкала тұрғындарына сезілді, сондай-ақ толқындар Әзербайжан мен Иран аумағында да байқалған.

26 тамыз, сейсенбі күні кешке, шамамен жергілікті уақытпен 23:33-те дүмпулерді Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) тіркеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі 10 шақырым тереңдікте болған. Ол Дербент қаласынан 50 шақырымдай солтүстік-батыста және Избербаштан 30 шақырым қашықтықта орналасқан.

Бастапқыда магнитуда 6,0 деп бағаланғанымен, кейін ол 5,0-ге түзетілді. АҚШ Геологиялық қызметі зілзаланың қуатын 5,4 деп бағалап отыр.

Бұл жер дүмпуін Қазақстан тұрғындары да сезді. Ақтауда 2,0 баллдық жер сілкінісі болды.