фото: Sinenkiy / Getty Images
Германияда зейнет жасын 70-ке дейін ұзарту бастамасын Бундестагтағы ХДС/ХСС фракциясының жастар тобының жетекшісі Паскаль Реддиг көтерді.
Оның айтуынша, тек жас буынға ғана салмақ түсірмей, баршаға әділ бөлінетін реформа қажет.
Қазіргі таңда Германияда ресми зейнет жасы – 67. Ертерек зейнетке шығу мүмкіндігі 63 жастан басталады, алайда ол үшін кемінде 35 жыл еңбек өтілі болуы шарт. Сонымен қатар, төлемақы көлемі қысқарылады.
Реддиг бұл жүйені өзгертуді ұсынады. Ол ерте зейнетке шығуды тиімділігін азайтып, төлемдерді тағы төмендету керек деп санайды. Саясаткердің ойынша, бүгінгі күйіндегі "63 жастағы зейнет" тәжірибесі болашақта мүлде тоқтатылуы тиіс. Сондай-ақ ол халықтың өмір сүру ұзақтығына қарай зейнет жасын кезең-кезеңімен көтеруге болатынын атап өтті.
Депутаттың пікірінше, алдағы уақытта зейнетақылардың өсу қарқыны баяулайды, ал индексациялау жүйесін түбегейлі қайта қарау қажет. Ол зейнетақыны жалақы өсіміне емес, инфляция деңгейіне сәйкестендіруді ұсынды.
"Бұл әдіс әділеттірек әрі қазынаға үнем жасайды. Бұрынғыдай жаппай зейнетақыны арттыру алдағы жылдары мүмкін болмайды. Әйтпесе бүкіл зейнетақы жүйесі дағдарысқа ұшырауы ықтимал", – деді Реддиг.