"Қатты қиналдым, мені сындырды": Екінші рет күйеуге шыққан Айгүл Иманбаева жан сырын ақтарды

"Қатты қиналдым, мені сындырды": Екінші рет күйеуге шыққан Айгүл Иманбаева жан сырын ақтарды

фото: ашық дереккөзден

Танымал әнші әрі продюсер Айгүл Иманбаева АҚШ-тағы жаңа өмірі туралы бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өнер иесі бизнесмен Дулат Тастекейге сұхбат беріп, тұрмысқа шыққаннан кейінгі күнделікті әдеттері мен өзгерістерін айтты.

"Қазір Америкада тұрып жатырмын. Өмірім өзгергені рас. Таңғы 5-те тұрамын. Сізге айтайын, 25 жылдан кейін асүйге кіріп, тамақ жасаймын. Тұрмысқа шыққаннан кейін, асүйге бет бұра бастадым. Алматыда тұрғанда тамақ істеуге уақытым болмайтын. Жалғыз тұрдым. Сырттан іше саламын. Үйде сіңлілерім болғанда солар жасап қояды. Тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуіме таңғы ас дайындадым. Түрлі тамақтар мен дәмдеуіштердің атын жаттап жүрмін. Ең қызығы, уақытылы тамақ ішкесін салмақ тастадым. Кешкі 8-ден кейін ешкім асүйге кірмейді. Талабым сондай", – деді әнші.

Сонымен қатар, Айгүл Иманбаева студенттік кезін де еске алды.

"Лондон мені сындырып, тәкаппар мінезімді орнына қойды. Шәкіртақым 900 мың теңге болды. Соны ай сайын жеткізуге тырысамын. Ол жақта елдегідей той-томалақ, концерт, кештер жоқ. Тек оқып, білім алу керек болды. Лондонға барып, өмірімде бірінші рет көше тамақтарын жедім. Алматыда жүргенде мүлдем жемейтін едім. Автобус, метромен жүрдім. Бір жыл қиналдым. Қазақстанда жеке мектебім бар. Солардың атқарушы директорларына шығып, ақша сұраған кезімді де жасырмаймын", – деп ағынан жарылды актриса.