"Төрт баланы тудырған әкесінен сұра": Блогер Ырысбала өзін айыптаған жалғызбасты анаға шүйлікті

"Төрт баланы тудырған әкесінен сұра": Блогер Ырысбала өзін айыптаған жалғызбасты анаға шүйлікті

Блогер Ырысбала Икрамбай өзін 13,5 миллион теңгені бермей қойды деп айыптаған жалғызбасты анаға жауап қатты, деп хабарлайды ozgeris.info.

Гүлім Болатжанның айтуынша, халықтың қолдауымен жиналған 13,5 млн теңге өзіне толық берілмеген. Оның сөзіне сенсек, қайырымдылық қорын басқаратын Ырысбала Икрамбаева: «Сіз билікке қарсы екенсіз ғой» деп қаржылай көмектен бас тартқан.

Ал Ырысбала Икрамбай, керісінше, Гүлім Болатжанның өзі жылдар бойы қайыр сұрауды кәсіпке айналдырғанын айтып, оны сынға алды.

"Мына әйелді танитындар бар ма? Гүлім Болатжан деген осы. Әлемдегі жалғыз періште, жылдар бойы мені қаралап жүр. Осы қатынға ғана Ырысбала үй бермейді екен, Асар-Уме тұруға жарамсыз үй береді екен. Төрт баланы қайда тастаймын дейді. 4 баласының үлкені 11-сынып бітіріп жатыр екен! Көмек қажет деп халыққа алақан жайып жүргеніне 11 жыл бітеді. Бұл қатынның мұқтаждығы қашан аяқталады? Қол жаюды намыс емес, кәсіп қылып алған бұл әйел", – деді ашуланған блогер.

Сонымен қатар, ол Гүлім Болатжанның қарғыс сөздер жазған скриншотын да жариялады.