Қомақты қаражат: "Барыстың" жаңа легионерлері қанша жалақы алатыны белгілі болды

Қомақты қаражат: "Барыстың" жаңа легионерлері қанша жалақы алатыны белгілі болды

фото: hcbarys.kz. Суретте: Райлли Уолш

Астаналық "Барыстың" шетелдік жаңа ойыншылары биылғы маусымда қанша табыс табатыны белгілі болды, деп Sportinside.kz тілшісі "Дядя Ваня" Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Майк Веккионе (АҚШ) – $470,8 мың
32 жастағы шабуылшы өткен маусымда "Вашингтон" клубының фарм-командасында ойнап, 68 матчта 39 (19+20) ұпай жинаған.

Райлли Уолш (Канада) – $458,4 мың
АХЛ-де 317 матч өткізіп, 168 (42+126) ұпай жинаған. 2017 жылы "Нью-Джерси Девилс" клубымен драфттан өткен, НХЛ-де 1 ойынға қатысқан.

Иан Маккошен (АҚШ) – $371,7 мың
НХЛ-де 60 матч, АХЛ-де 244 матч өткізген. 2024/25 маусымында КХЛ-дің "Куньлунь" клубында 61 ойында 15 (4+11) ұпай жинаған.

Оливье Родриге (Канада) – $371,7 мың
2020 жылы жастар арасындағы әлем чемпионы. Өткен маусымда НХЛ-де "Эдмонтон" сапында 2 ойынға шыққан. АХЛ-де 41 матч өткізіп, 19 жеңіске жеткен.

Тайс Томпсон (Канада) – $371,7 мың
НХЛ-де 11 ойынға, АХЛ-де 225 матчқа қатысқан. Өткен маусымда 65 ойында 21 (8+13) ұпай еншілеген.

Эмиль Галимов (Ресей) – $297,3 мың
Омбының "Авангардында" өнер көрсеткен. 16 ойында 8 (4+4) ұпай жинаған.

Джейк Масси (Канада) – жалақысы белгісіз
АХЛ-де 152 матч өткізіп, 31 (10+21) ұпай жинаған.

Мэйсон Морелли (АҚШ) – жалақысы белгісіз
АХЛ-де 322 матч өткізген. Өткен маусымда 48 ойында 19 (13+6) ұпайға ие болды.

Айта кетейік, "Барыс" құрамындағы ең жоғары жалақы алатын ойыншылар легионерлер емес. Бұл көрсеткіш бойынша қазақстандық қақпашы Никита Бояркин мен ресейлік шабуылшы Иван Николишин көш бастап тұр – екеуінің де жалақысы $495,6 мың.