фото: ашық дереккөзден
Tанымал әнші Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева мен келіні Әдия алғаш рет журналист Ләйлә Сұлтанқызына ашық сұхбат берді, деп жазады Aikyn.kz.
Әңгіме барысында Динара Майғазиева ұлы мен келінінің бөлек шығу мәселесіне қатысты өз ойын ортаға салды.
"Бұл туралы әкесі екеуміз талай рет сөйлескенбіз. Ойланудың қажеті жоқ. Балалар оқимыз, дамимыз десе, Америкаға да жіберуге дайынбыз. Өз еріктеріне қалдырдық. Сәкен екеуміз де жаспыз, балаларымыз кішкентай. Бөлек шығамыз десе, өз қалаулары. Бірақ түптің түбінде бәрібір бізбен бірге тұрады. Қартайғанда бізді қарайды", – деді ол.
Ал жас келін Әдия өзінің отбасы туралы көзқарасын бөлісіп, бөлек тұруды мүлде ойламайтынын айтты.
"Менің әу бастан-ақ ниетім осындай болған. Ата-енеммен бірге тұрғым келеді деп айтатынмын. Біздің үйде адам аз болғандықтан, үй тып-тыныш өтетін. Ол маған ұнамайтын. Әпкем, мен және інім үшеуміз ғана едік. Ал көпшілікпен бірге бір дастарқан басында тамақтанып, шай ішкен ұнайды. Сондықтан ешқайда кеткім келмейді", – деді Әдия.