фото: Craig Williamson/SNS Group via Getty Images
Бүгін, 26 тамызда Алматыда УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі жауапты кездесу өтеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бұл ойында "Қайрат" шотландиялық "Селтикке" қарсы алаңға шығады. Жауапты матчтың тікелей көрсетілімі сағат 21:45-те (Астана уақытымен) басталады. Ойынды "Qazsport" арнасынан тамашалауға болады.
Естеріңізге сала кетейік, алғашқы матч Шотландияның Глазго қаласында өтіп, "Қайрат" пен "Селтик" жеңімпазды анықтай алмады – 0:0.
Алматылық клуб іріктеу кезеңінде бірқатар қарсыластарынан басым түсті:
- Словенияның «Олимпиясын» (қос матчтың қорытындысы – 3:1);
- Финляндияның КуПС командасын (3:2);
- Словакияның «Слованын» (1:1, пенальти – 4:3).
Айта кетейік, егер "Қайрат" "Селтиктен" басым түссе, алғаш рет тарихында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетеді. Ал жеңіліс тапқан жағдайда Еуропа лигасының жалпы кезеңіне жолдама алады.