фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Нұрбек Оралбай
Ливерпульде (Англия) өтетін әлем чемпионатында Қазақстан бокс құрамасының жетекшісі Нұрбек Оралбайдың басты қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Нұрбек Оралбай ел намысын 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қорғайды. Бұл санатта мықты боксшылар жиналған:
Робби Рахим Гонсалес (АҚШ)
2021 жылғы әлем чемпионы. Екі дүркін АҚШ чемпионы (2018, 2019), Панамерика ойындарының жеңімпазы (2022), "Странджа" (2023) және GeeBee (2023) турнирлерінің чемпионы.
Йожерлин Сезар (Франция)
Жастар және U-22 Еуропа чемпионаттарының жүлдегері. 2024 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, Астанада өткен World Boxing Әлем кубогының жеңімпазы.
Жавохир Умматалиев (Өзбекстан)
2024 жылғы Азия чемпионы, 2022 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының және 2024 жылғы "Странджа" кубогының жеңімпазы.
Вандерлей Холифилд (Бразилия)
Бразилияның үш дүркін чемпионы. 2023 және 2025 жылғы әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері, Панамерика ойындарының күміс жүлде иегері.
Хорхе Мануэль Сото (Куба)
2024 және 2025 жылдары Куба чемпионатының күміс жүлдегері. 2023 жылы Ғалым Жарылғапов атындағы турнирдің жеңімпазы.
Тоқтарбек Таңатқан (Қытай)
Этникалық қазақ. 2022 жылы Ханчжоудағы Азия ойындарының чемпионы, 2023 жылғы әлем чемпионатының (Ташкент) күміс жүлдегері. 2023 жылы Қытайда "Жыл спортшысы" деп танылған.
Айта кетейік, Астанада өткен Әлем кубогының финалында Нұрбек Оралбай дәл осы Йожерлин Сезардан жеңілген болатын.