Хабиб Нурмагомедов Шавкат Рахмонов туралы тосын пікір білдірді

Хабиб Нурмагомедов Шавкат Рахмонов туралы тосын пікір білдірді

фото: Josh Hedges/Zuffa LLC via Getty Images. Суретте: Хабиб Нурмагомедов

UFC-дің ресейлік аңызы Хабиб Нурмагомедов өзінің досы әрі жерлесі Ислам Махачев үшін жартылай орта салмақта лайықты қарсыластардың есімін атады, деп Sportinside.kz тілшісі Sport24.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

15 қараша күні Ислам Махачев Нью-Йоркте (АҚШ) өтетін UFC 322 турнирінде аустралиялық Джек Делла Маддаленаға қарсы жартылай орта салмақтағы чемпиондық жекпе-жекке шығады.

Хабибтің сөзінше, бұл салмақта ең қауіпті әрі құрметке лайық қарсыластардың бірі – қазақстандық Шавкат Рахмонов.

"Мен 77 келіде Шавкат Рахмоновты қарсылас ретінде ерекше бағалаймын. Ол құрмет пен сақтықты талап етеді. Сондай-ақ Белал Мухаммад бар. Ал Иэн Гэрриді қауіпті қарсылас деп есептемеймін. Белалмен жекпе-жекке келсек, мен бұл кездесуге қарсы болдым. Ал Шавкат өз айқастарымен бұл салмақта нағыз қауіпті жауынгер екенін дәлелдеді. Шон Брэди ме? Жоқ. Ол стиль жағынан Исламға тым қолайлы. Ислам оны жеңеді, күресте де ештеңе істей алмайды. Сондықтан басты қарсыластар – Шавкат, Белал және Маддалена», – деді Хабиб Камил Гаджиевке берген сұхбатында.

Айта кетейік, Ислам Махачев ММА-де 28 кездесу өткізіп, оның 27-сінде жеңіске жеткен. Ал Джек Делла Маддаленаның еншісінде 20 жекпе-жектің 18 жеңісі бар.