фото: Қазақстан шахмат федерациясы
Колумбияның Барранкилья қаласында 16 жасқа дейінгі ойыншыларға арналған (2009 жылы туғандар және одан кіші) жасөспірімдер шахмат олимпиадасы өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Қазақстан атынан қатысқан Қазақстан-2 құрамасы қола жүлдені жеңіп алды. Команданы гроссмейстер Александр Моисеенко жаттықтырды. Құрам:
- FM Артём Богданов (рейтинг 2368);
- FM Алдияр Жауынбай (2195);
- CM Данис Куандықұлы (2156);
- WIM Зарина Нұрғалиева (2152).
Шешуші тоғызыншы турда Қазақстан-2 құрамасы Колумбия-1 командасын 2½–1½ есебімен жеңді.
Артём Богданов – Андрес Сантьяго Гарсон Камеломен тең ойнады (½–½). Данис Қуандықұлы Сантьяго Лопес Районы жеңді (1–0). Зарина Нұрғалиева да Лопес Районы ұтты (1–0).
Бұл жеңіс қазақстандықтарға 14 командалық ұпай, EMGSB (Cut-1) бойынша 260 балл және 25½ жеке ұпай әкеліп, үшінші орынға шығарды.
Жалпы Қазақстан олимпиадаға екі команда шығарды.
Қазақстан-1 құрамасы (жаттықтырушы – гроссмейстер Борис Грачёв):
- IM Сауат Нұрғалиев (2225);
- FM Марк Смирнов (2265);
- FM Алан Петухов (2310);
- WIM Елназ Қалиахмет (2266).
Қазақстан-1 тоғызыншы орынға тұрақтап, 12 командалық ұпай, 266,5 EMGSB және 26½ жеке ұпай жинады.
Жеке сында қазақстандықтар тағы екі медаль алды. Алан Петухов үшінші тақтада күміс жүлдегер атанып, турнирдің бесінші нәтижесін (2374 перформанс) көрсетті.
Командалардың қорытынды нәтижесі:
- FIDE-1 – 18 ұпай, 339 EMGSB, 30½ жеке ұпай
- Өзбекстан – 14, 287, 27
- Қазақстан-2 – 14, 260, 25½
- Қытай – 14, 232, 24
- Үндістан – 13, 240,5, 24
- FIDE-2 – 13, 224,5, 22½
- Куба-2 – 13, 203, 21½
- Мексика – 13, 175, 20½
- Қазақстан-1 – 12, 266,5, 26½
Турнирге 41 елден 85 команда қатысты. Колумбия 30 команда, Перу – бес, Венесуэла мен Чили үш-үштен команда шығарды.
Айта кетейік, екі жыл бұрын Нидерландтың Эйндховен қаласында өткен жарыста Қазақстанның үздік командасы төртінші орын алып, Қытай, Түркия және Грекиядан кейін орналасқан еді.