фото: ашық дереккөзден
Әнші Абай Бегей жуырда немересінің тұсаукесерін атап, үлкен мереке өткізді. Дегенмен, көпшілік күткендей, салтанатты шарада танымал тележүргізуші Анна Данченко көрінбеді.
Тележүргізуші өзінің тойға неге бармағанын Instagram парақшасында айтып өтті.
"Кеше Абай мырзаның тойына баруым керек еді, бірақ... Белгілі себептерге байланысты бара алмадым. Негізі, шақырған жерден қалмауға тырысамын, бұл жолы шамам болмады. Қатты ашуланып, өз-өзіме әрең келдім, инстаға да шықпаймын ба деп едім, бірақ мені іздеп жатқандарыңызды көріп, жақсы болып қалдым", – деп жазды ол.