Сүйінші, ағайын! Қаржаубайдың отбасы туралы қуанышты жаңалық мәлім болды

Сүйінші, ағайын! Қаржаубайдың отбасы туралы қуанышты жаңалық мәлім болды

фото: Orda.kz коллажы. Суретте: Мейірман Шекеев пен Қаржаубай Нұрымов

Қаржаубай Нұрымовтың өртеніп кеткен баспанасының орнына жаңа үй салынып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы облысында Нұрымовтар отбасы үшін жаңа үйдің құрылысы басталғаны белгілі болды. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев мәлім етті.

"Көптің көкейіндегі жүрген сұрақтың бірі: Қаржаубайдың өртенген үйі не болып жатыр? Біздің бар назарымыз Шерзаттың ісінде болғандықтан, бұрын ақпарат беруді жөн көрмедік. Қазір, міне, келіп отырмыз. Аллаға шүкір, үйді бастаған, көзіміз жетіп жатыр", – деді ол.

Адвокаттың айтуынша, Алматы облысы әкімдігі бұл құрылысқа тікелей бақылау жасап, барлық құжаттарын рәсімдеп, жұмысты соңына дейін жеткізуге уәде берген.

Қазіргі таңда үйдің шатыры жабылуда. Толық әрлеу жұмыстары 15 қазанға дейін аяқталып, отбасы жаңа қонысына көшпек.