"Жыладым. Бүкіл сырын маған ашты": Мақпал Жүнісова күйеуі жайлы бар шындықты ашып айтты

"Жыладым. Бүкіл сырын маған ашты": Мақпал Жүнісова күйеуі жайлы бар шындықты ашып айтты

фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның Халық әртісі, эстрада жұлдызы Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовпен алғаш қалай танысқанын айтып берді. Әнші бұл туралы журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында бөлісті.

Жүнісованың сөзінше, олардың алғашқы кездесуі 1989 жылы болған. Ол кезде әнші "Гүлдер" ансамблінде өнер көрсетіп, жатақханада тұрып жүрген екен. Әнші сол уақыттағы жағдайын айтып, басшылық қызметте отырған Заманбек Нұрқаділовтің қабылдауына кіреді.

"Жеткенше аяғым дірілдеп кетті. Өйткені ол кісінің мысы басым еді. Көзқарасымен тесіліп қарап отырды. Қағазға жазып алған өтінішімді айтып шықтым. Тоғыз жыл жатақханада тұрып жатырмын, бірінші кезекте тұрмын. Бірақ бізде "Гүлдерде" жүрген қыздарды күйеуге шықса болды, кезектен шығарып тастайды. Соны айттым. Ол кісі бәрін тыңдап отырды да: "Ладно, иди! 20 күннен кейін кел маған" деді. Өтірік айтсам, төбемнен тас ұрсын. Шок болып қалдым. Бір жарым айға гастрольге кетіп бара жатыр едім. "Сіз маған "иә" не "жоқ" деп айтыңызшы. Бересіз бе, бермейсіз бе?" деп сұрап тұрмын. Ол кісі орнынан атып тұрып: “"Иди! Там тебе объяснят" деді. Сол сәтте өзім де шошып кеттім. "Енді алдыңызға келмеймін" деп жатақханаға барып, өкіріп жыладым", – деп еске алды Жүнісова.

Араға жарты жыл салып, әншіні Жібек Әмірханова Мароккоға өнер сапарына шығатынын хабарлап қуантады. Сол сапарда тағдыр екеуін қайта табыстырған.

"Аэропортқа ұшайын деп бара жатырмыз. Ол кезде қарапайым адамдар артқы есіктен, бастықтар алдыңғы есіктен мінетін. Жаңбыр сіркіреп тұрды. Қарасам, бастықтар арасында шляпа киген бір кісі маған тесіліп қарап тұр. Қасымдағы Гаухар Мырзабековаға: "Мынаны бір жерден көрген сияқтымын" дедім. Ол: "Это же Нуркадилов" деді. Кейін білдім, біздің делегацияның бастығы сол кісі екен. Кейін Зәкең маған бүкіл сырын ашты. Әдейі "мені делегацияға қосыңдар" деп сұраған екен. "Алдыма келмеді ғой бұл қыз, енді көрейін" деген ойы болыпты", – дейді әнші.