Енесі күйеу баласынан жүкті болған: Сұмдық жағдай жайлы тың дерек шықты

Енесі күйеу баласынан жүкті болған: Сұмдық жағдай жайлы тың дерек шықты

Түркияда 21 жастағы Жұма Доған мен 47 жастағы енесі Гүлдана Шахиннің арасындағы қарым-қатынас қоғамда үлкен шу туғызды. Бұл оқиға бүкіл елдің назарын аударып отыр.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жас жігіт пен енесінің жақындығы салдарынан әйелдің жүкті екені анықталған. Әлеуметтік желілерде олардың бірге әзілдесіп жүрген видеолары тарап кеткен.

Жұма Доғанның жары Дилек Шахин «Эсра Ерол» бағдарламасына шығып, күйеуі мен анасының бірге қашып кеткенін айтып көз жасына ерік берді. Ол: «Менің күйеуім қатігез адам, одан қорқамын», – деп ағынан жарылды. Бағдарлама барысында Гүлдананың үш айлық жүкті екені белгілі болды.

Дилектің айтуынша, ол енесі мен күйеуін бірге көріп қойған, бірақ бұл туралы әкесіне айтса, өміріне қауіп төндіреміз деп қорқытқан.

Бағдарлама кезінде Жұма Доған мен Гүлдана Шахиннің сабырлы қалпы көрермендерді таңғалдырды. Эсра Еролдың «Неге қаштыңыздар?» деген сұрағына Жұма: «Біз үйлену үшін қаштық», – деп жауап берді. «Гүлдана ханым сіз үшін кім?» дегенде, ол: «Ол сіздің енеңіз болар еді», – деді.

Бағдарлама барысында көпшіліктің көз алдында Жұма Доған мен Гүлдана Шахин қамауға алынды. Қазіргі таңда олардың үстінен «қасақана зиян келтіру» және «қорқыту» баптары бойынша іс қозғалған.