фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images. Суретте: Асу Алмабаев
Tанымал ММА инсайдері, Eurosport Nederland журналисі Марсель Дорфф қазақ файтері Асу Алмабаевтың (22-3) келесі қарсыласы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
"Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы кім болатынын нақты айту қиын. Дегенмен аустралиялық Стив Эрцегке қарсы жекпе-жекті қайта ұйымдастыруға болады деп ойлаймын", – деді маман.
Айта кетейік, Асу Алмабаев шілде айының соңында UFC on ABC 9 турнирінде (Абу-Даби) перулық Хосе Очоаны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алмабаев пен Эрцег арасындағы жекпе-жек жоспарланған еді. Алайда аустралиялық спортшы "Зульфикармен" айқастан бас тартып, мексикалық Брэндон Мореномен кездесуді таңдаған.