фото: ашық дереккөзден
Әнші Тамара Асар жолдасының бірінші некесінен туған ұлын туған күнімен құттықтап, желідегі парақшасында жазба жариялады.
"Шын жүректен Әлішер баламызды туған күнімен құттықтаймыз! Ажартайдың ақасы! Денің сау, бауырың бүтін, айналаң аман болсын! Адалдықпен адамгершілік алға жетелей берсін! Арамызда пайда болған жылылық пен сыйластыққа сызат түспесін! Мені көрген күннен "мама" деп атаған сеніміңе рахмет, балам. Өміріміз дәл осы суреттегідей сұлу болсын! Әмин", – деп жазды әнші.
Айта кетейік, Тамара Асар бес жыл бұрын бір баласы бар азаматпен шаңырақ көтерген еді.