фото: instagram.com/zhunusova.makpal. Суретте: Мақпал Жүнісова
Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова ресми түрде зейнеткерлік жасқа жеткенін мәлімдеді.
Бұл қуанышты жаңалығын ол өзінің концертінде жария етті. Әншінің сөзінше, ол үшін бұл ерекше сәт – өнер жолындағы тың белестердің бірі.
"Демалысқа шығатын кезіміз келіпті. Зейнет жасына жеттік. Бұл менің зейнеткер ретіндегі бірінші концертім", – деді ол.
Көрермен алдында өнер көрсеткен Жүнісова өзіне көрсетілген жылдар бойғы ықылас пен қолдауға ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ, зейнетке шығуы өнерден қол үзуді емес, керісінше жаңа тыныс пен жаңа кезеңнің басталғанын меңзеді.